Аймақ басшысы тазалық науқанына атсалысуға шақырды

1 560

Республика бойынша «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы басталды. Аталған акция аясында «Таза Қазақстан – таза аймақ» экологиялық науқаны бастау алды. Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев қызылордалықтарды тазалық науқанына үн қосып, туған жерді түлетуге шақырды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Қадірлі жерлестер!


Ардақты ағайын!


Қазақылықтың қаймағы бұзылмаған, тату тірлік пен береке-бірліктің бесігі – Сыр өңірінде бүгіннен республикалық «Таза Қазақстан» акциясы аясында «Таза Қазақстан – таза аймақ» экологиялық науқаны бастау алды.


Тазалық пен тәртіп – кез-келген аймақтың табысты дамуының кепілі ғана емес, тұрғындардың мәдениеттілігінің өлшемі.


Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы «Қалалар мен ауылдардың сәулетті, саябақтар мен ауланың таза болуы, ең алдымен, басқа біреуге емес, өзімізге керек. Азаматтарымыз қоғамдық орындар мен қоршаған ортаға жанашыр көзбен қарауға тиіс» - деген болатын.


Біздің айналамыздағы игіліктер адамдар үшін жасалған. Тазалық біз үшін басты құндылық.


«Ауылына қарап, азаматын таны» дегендей, әр елді мекеннің тазалығы, сәулетті көркі тұрғындардың жанашырлығына байланысты. Себебі әр көшенің, әр үйдің, әр ауланың тазалығы – тұтас қала мен ауылдың айнасы.


Ұлы жол алғашқы қадамнан басталады. Осы ретте, тазалық айлығы аясында облыс халқы туған жерді түлетуге атсалысады деп сенеміз.

Сыр – Алаштың анасы!


Барша жерлестерімді, еңбек ұжымдары мен кәсіпкерлерді игі бастаманы өз үйінен бастап, аулалар мен көшелерде, мөлтек аудандарда жүзеге асыруға, қала мен ауылдарда тазалық жұмыстарына ұйытқы, жақсы істерге дәнекер болуға шақырамыз.


Тазалық  біз бен Сізден басталады!

Туған жерімізді бірге көркейтейік!


Бүгін еліміздің аймақтарында жастар ресурстық орталықтары мен жастар ұйымдарының бастамасымен «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы басталды. Ауқымды экологиялық науқан бес аптаға созылады, оның әрқайсысы белгілі бір тақырыпқа арналады.


Сәуірдің 13-іне дейін жалғасатын алғашқы апталық «Таза өлке» деп аталады – апталық барысында елді мекендердің тұрғындары, қоғам белсенділері, мекеме, кәсіпорын қызметкерлері іргелес аумақтар мен аулаларды тазартады.

20 сәуірге дейінгі апталық «Киелі мекен» деп аталады және ол тарих және мәдениет ескерткіштерінің аумағын абаттандыру жұмыстарына арналады

Сәуір айының 27-сіне дейін «Жасыл аймақ» тақырыбымен өтетін апталық ағаш көшеттерін отырғызу, көшеттерді әктеумен ерекшеленеді.

4 мамырға дейінгі кезең «Өнегелі ұрпақ» деп аталып, ардагерлердің аулалары мен қарттар үйінің аумақтарын тазалауға және абаттандыруға арналған.

«Мөлдір бұлақ» деп аталатын соңғы, бесінші аптада оның айналасы қоқыстан тазартылады.

су қоймалары – өзендер мен көлдер.

Алматыда «Алматы – ортақ үйіміз» жалпықалалық акциясы аясында республикалық акция өтеді.

Акция аясында қазақстандықтарды тату көрші болуға және өзара көмек көрсетуге үйрету мақсатында қайырымдылық және мәдени іс-шаралар,

жауапты мінез-құлыққа және қоғамдағы өзара әрекеттестіктің жалпы қабылданған нормаларын сақтауға ықпал ету.


Елімізде «Таза Қазақстан» республикалық акциясы басталды. Экологиялық шара әр апта сайын белгілі бір тақырып аясында өтеді. Мәселен, бірінші апта «Таза өлке» деп аталады. Тұрғындар, қоғам белсенділері, ұйымдар мен кәсіпорындар үйлері мен ғимарат аумақтарында тазалық жүргізеді. «Киелі мекен» деп аталатын екінші апта тарихи-мәдени ескерткіштер аумағын абаттандыруға арналады. Ал үшінші аптада көшеттер отырғызылып, ағаштардың түбі әктеледі. «Өнегелі ұрпақ» дейтін төртінші аптада ардагерлер сарайы мен қарттар үйлерінің аумақтарын тазарту көзделген. Соңғы бесінші аптада өзен-бұлақтардың арнасы қоқыстан тазартылады.