Министр жалға берілетін пәтер бағасын реттей алмайтынын мәлімдеді

227
Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев жалдамалы пәтер ақысын реттей алмайтыны туралы айтты, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.



Пәтерге жалға беру әр адамның азаматтық ұстанымына байланысты. Әркімнің пәтері өзінің жеке меншігіғой. Біз реттей алмаймыз. Егер құқықбұзушылық фактілері кездессе, салық төлемесе, мемлекеттік кірістер комитеті пәтер иелерін тексере алады. Сол жағынан көмек көрсете аламыз. Сондықтан жалға алатын азаматтар өз құқықтары бұзылмауы үшін міндетті түрде бірнеше айға келісімшартқа отыруы керек. Сол кезде ешкім жайдан жай келіп, бағаны көтере алмайды. Заңға, сотқа жүгінуге болады, - деп түсіндірді министр.

Вице-премьердің айтуынша,  баспананы жалға беретіндер міндетті түрде салық төлеуі керек.

Егер келісімшарт болмаса, мемлекеттік кірістер комитеті тарапынан тексеріп, анықтау қиын. Жалға беріп отырғандар да Қазақстанның азаматтары ғой. Оларды жайдан жай барып, тексеру жүргізе алмаймыз, - дейді Ерұлан Жамаубаев.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.