Тараз маңындағы жарылыстан аман қалған өрт сөндіруші оқиға туралы айтып берді

589
Өрт сөндіруші Байбек Сембеков "Студия 7" жобасының тілшілеріне эксклюзив сұхбат берді. Ол Жамбыл облысындағы оқиға туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қарауыл бастығы Байбек Сембеков Тараз маңындағы жарылыстардан аман қалған. "Студия 7" журналистерінің айтуынша, ол қазір емделіп жатыр.
"Оқиға орнынан жеткенде, мен бірден әскери қызметкерлердің біріне бардым. Қоймада не бар екенін сұрадым ... Олар арнайы жарылғыш заттар жоқ екенін айтты. Біз бірден жұмысымызға кірістік. Мен су көзін іздей бастадым. Біздің көліктерде максимум 5-8 тонна су бар, бірақ ол жеткіліксіз болар еді", - деп еске алды Сембеков.
"Барлық көлік қоймаға жақындасын деген бұйрық болды. Мен көлікке отырдым, жанымда бір қызметкер мен жүргізуші болды. Көлікке отыра салысымен, жүруге бұйрық бердім. Сол сәтте жарылыс болды".
"Біз отырған көлік аударылды. Артқы орындыққа өтіп, қалай шыққанымыз қазір есімде жоқ. Есік немесе терезе арқылы шықтық. Адамдар айғайлап, жылап жүргендер болды".
"Жойқын толқын болды. Бірдеңе айтайын десем, сөйлей алмаймын. Аузыма әйнек сынықтары толып қалған. Қан түкіріп жаттым. Бәрінің жағдай сол, көліктің алдыңғы терезесі сынып кеткен".
"Бірінші жарылыстан кейін он минут өткен соң, екіншісі болды. Сол кезде біреу: "Ұрысқа!" - деп айғайлады. Біз бәріміз жерге жаттық. Біреудің аяғы сынған. Бір-бірімізге көмектесіп, ол жерден кетіп қалдық. Басқа амалымыз болмады, тек ол жерден кету керек болды".
Байбек Сембеков кейбір әріптестерінің қайтыс болғанын, кейін телефон арқылы білген.
Өрт сөндірушіге "жарылыстар болуы мүмкін екенін ескертпегендерге шығымыңыз бар ма" деген сұрақ қойылды. Ол қатардағы әскери қызметкерлер қауіп туралы білмеуі мүмкін деген болжаммен нақты жауап берген жоқ.
Толық сұхбатты "Студия 7" YouTube-арнасынан көре аласыз.