Жетісуда мотоцикл мінген 14 жастағы оқушы қайтыс болды

285

Фото: polisia.kzЖетісу облысында мотоцикл мінген оқушы қайтыс болды, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Жетісу облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оқиға 14 қыркүйек күні Кербұлақ ауданы Талдыбұлақ ауылында болған.

«14 жастағы оқушы қытайлық мотоциклді басқарып, екінші дәрежелі көшеден басты көшеге шығып бара жатқан кезде Nissan Maxima автокөлігімен соқтығысқан», – деп жазылған Жетісу облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарламасында.


Ведомствоның мәліметі бойынша, бала ауыр жарақат алып, оқиға орнында қайтыс болды. Жол-көлік оқиғасы бойынша қажетті сараптамалар тағайындалып, ҚР ҚК 345-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.