Журналист әйелге шабуыл жасаған ер адам ұсталды
147
Жамбыл облысының орталығында журналист әйелді тонамақ болған ер адам ұсталды деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.
Ресми мәліметке сәйкес, 23 қазанда таңғы сағат 06:40-та бір әйел полиция бөліміне арызданып, белгісіз біреу өзін тонамақ болғанын айтқан. Айтуынша, «Жастар» аллеясында оны бірнеше рет ұрған. Сосын ұялы телефоны мен қолма-қол ақшасын тартып алмақ болған. Әйел қарсылық танытқанда шабуыл жасаған ер адам қашып кеткен.
Полицейлер алдымен жәбірленушінің айтуымен қылмыскердің фотороботын жасады. Одан кейін жедел басқару орталығының бейнебақылау камераларын зерделеп шықты.
Жедел іздестіру шаралары барысында Тараз қаласының 35 жастағы тұрғыны ұсталды. Ол өзінің кінәсін толық мойындады. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Қазір Қылмыстық кодекстің 24-бабы 3-бөлімі, 191-бабы 2-бөлімі 1-тармағы («Тонауға оқталу, яғни жәбірленушінің өміріне немесе денсаулығына қауіпті емес зорлық-зомбылықты қолдана отырып, бөтеннің мүлкін ашық ұрлау») бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Тағы да оқыңыздар
ӘЛЕМДІК ОЙДЫҢ АЛЫБЫ
1 501