Еңбек министрлігі Оңтүстік Кореяда заңсыз жүрген қазақстандықтарға ескерту жасады
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі Асқарбек Ертаев 2025 жылғы 9 қазанда Сенат кулуарында Оңтүстік Кореяда заңсыз жүрген қазақстандықтарға қатысты түсініктеме берді, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.
Асқарбек Ертаев заңсыз жүрген азаматтардың осал жағдайда болатынын және елден шығарылып, қайта кіруге тыйым салынуы мүмкін екенін атап өтті.
Оның айтуынша, елден шығуға ешқандай кедергі жоқ.
Ертаев Оңтүстік Корея билігі осы деректерді пайдаланып, мұндай азаматтарға елге кіруге тыйым салуы мүмкін бе деген сауалға түсініктеме берді.
Сонымен қатар, оның айтуынша, заңды түрде жұмыс істейтін қазақстандықтар заңсыз жүргендерге қарағанда әлдеқайда көп табыс таба алады.
Айта кетейік, 2025 жылғы 10 қыркүйекте Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова Қазақстан азаматтарының Оңтүстік Кореяда заңды түрде жұмыс істеуіне мүмкіндік беретін құжаттың әлі ратификацияланбау себебін түсіндірген болатын.