Жетісуда мотоцикл мінген 14 жастағы оқушы қайтыс болды
Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.
Жетісу облысында мотоцикл мінген оқушы қайтыс болды, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Жетісу облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқиға 14 қыркүйек күні Кербұлақ ауданы Талдыбұлақ ауылында болған.
Ведомствоның мәліметі бойынша, бала ауыр жарақат алып, оқиға орнында қайтыс болды. Жол-көлік оқиғасы бойынша қажетті сараптамалар тағайындалып, ҚР ҚК 345-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.
Қаз
Рус






