Қазақстан Қырғызстанға әскери мүлік беретін болды

299

Қазақстан Қырғызстанға әскери мүлік беретін болды. Бүгін Сенат осы мәселеге қатысты заң қабылдады,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі BAQ.KZ сайтына сілтеме жасап.


Келісімге 2021 жылғы 7 желтоқсанда Жоғарғы бас қолбасшының тапсырмасы бойынша Қырғызстан тарапының әскери техникалық көмек көрсету туралы өтінішін іске асыру мақсатында қол қойылды.

Келісім бойынша әскери мүлік бір рет беріледі. Оның атауы мен көлемі дипломатиялық арна арқылы келісілді. Қазақстан мүлікті Қырғызстанның Қойташ елді мекеніне дейін автокөлікпен жеткізеді. Шығынды өзі көтереді. Қырғызстан тарапы алған мүлікті тек қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін пайдалана алады, үшінші тарапқа бермейді, - деді Сұлтан Қамалетдинов Мәжілістің жалпы отырысында.

Оның сөзінше, ТМД қатысушы мемлекеттерге қарсы қолданбайды. Орталық Азияға іргелес аумақта шиеленіс болғанда, өңірлік қауіпсіздікке сын-қатер төнген жағдайда әскери-техникалық көмек көрсету Қырғызстан қарулы күштерінің оған тойбарыс беруіне, Орталық Азия өңірінің қауіпсіздігін нығайтуға мүмкіндік береді. 

Сонымен қатар заң жобасын қабылдау бюджеттен қосымша қаражат қажет етпейді, теріс әлеуметтік-экономикалық құқықтық салдарға әкелмейді. 

Сенат депутаттары өз кезегінде «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Министрлер кабинеті арасындағы Орталық Азия өңірінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуде әскери-техникалық жәрдем көрсету туралы келісімді ратификациялау туралы» заңды қабылдады.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.