Қызылордада азық-түлік себеті кімдерге таратылған?

586
Бүгінде әлеуметтік желіні дүр сілкіндіріп, халық пікірін екіге бөлген мұқтаж отбасыларына берілетін бір реттік әлеуметтік азық-түлік себеті қызу талқылануда,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

«Қызылорда жұмыспен қамту орталығы» азық-түлік себетін  мұқтаж отбасыларына емес, бай-бақуатты жандарға таратып жатыр деген Уксимбаева Зауре мүмкіндігі шектеулі жан өзінің Facebook желісіндегі жеке парақшасына жариялаған болатын. 


«... Бөлмеде толған азық түлік,топырлаған адамдар кіріп шығып жатыр. Тізімдегі тіркелген адамдарға азық түлік таратып жатыр. 
Мүмкіншілігі шектеулі балаларды бағып отырған отбасыларға үлестіріп жатырмыз деген еді. Бірақ алып отырған біріңғай мен сияқты, арбада отырған кісілермен қарапайым адамдардың қолы жете алмайтын, лексус 570 прада, көлік мінгендер» ,- деп жазба қалдырған болатын.
Алайда, халықтың пікірі екіге бөлініп, нағыз мұқтаж отбасыларының әрдайым көмексіз қалып отыратындығын алға тартқан оқырмандар әділдікті талып етуде. Осы орайда, жарияланған жазба бойынша зерттеу жұмыстары жүргізілген болатын.

Рамазан айының қарсаңында таратылған азық-түлік себетін Қазақстандағы Евангел сеніміндегі христиандар одағы демеушілерінің қолдауымен мүмкіндігі шектеулі оның ішінде мүгедек бала асыраушы 100 отбасыға таратылғандығы белгілі болды.  


Жоғары да аталып өткен 100 отбасының тізімін алып, хабарласқан болатынбыз. 




Расымен, азық-түлік себетін алған мүгедек бала асыраушы отбасының алғандығы расталды.  Осы орайда, 
 
"Қызылорда қаласының жұмыспен қамту орталығы» КММ бөлім басшысы":
«Өтініштің негізінде және қабылдауға барған азаматтардың тізімі бойынша беріліп жатыр. Көп отбасылар зерделеніп берілуде. Ал, жеке басыма қатысты айтсақ, кәсіпкерлерден құралған «Мейірім» қорына  еш қатысым жоқ. Ол жерге комиссия мүшесі бола алмаймын. Алдағы уақытта берілетін азық-түлік себетіне тізім ішінде мүмкіндігі шектеулі жан Уксимбаева Зауре ханым бар»,- деді Гүлнұр Сексенбаева


Мұндай қайырымдылық шараларға ҚР «Бюджет Кодексі» талаптарында мемлекет тарапынан қаржы қарастырылмаған, сондықтан барлық қайырымдылық шаралар демеушілер тарапынан жүргізілетіндігін алға тартты.


«Бакытты отбасына рахмет, Алланың нұры жаусын. Менің мумкіндігі шектеулі кызым бар. Көпбалалы анамын. Бүгін азық- түлік алдым. Көп-көп рахмет»,- деді Айнұр Әбілова.

 АЙГЕРІМ РАХЫМЖАНҚЫЗЫ