Тоқаев аудан әкімдеріне жергілікті бюджетті басқару құқығын беруді тапсырды

295

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев аудан әкімдеріне жергілікті бюджетті басқару құқығын беру керек екенін айтты, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Президент жергілікті мәселелерді жедел шешу үшін аудан әкімдеріне жергілікті бюджетті басқару құқығын берген жөн екенін алға тартты.


“Бұдан бөлек, жергілікті бюджетке жиналатын салыққа қатысты жеңілдіктерді анықтау құқығын аймақтардың өзіне беру мәселесін қарастыру керек. Бұл шара бизнестің дамуына үлкен серпіліс әкелмек. Ұсынылып отырған бастама өте маңызды. Келешекте аймақтардың табысты дамуына айрықша ықпал етеді.


Сол себепті барлық әкім бюджетаралық қатынастардың жаңа үлгісіне көшу кезінде оның біртұтас мемлекетімізге тигізетін пайдасы және тиімділігі туралы ойлауы керек", – деді Тоқаев.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.