Қоқыс жәшігінен жаңа туған сәби табылды

1 511

Фото: ©Baq.kz архиаіОқиға 23-ші мамыр күні Тұргенев көшесіндегі қоқыс контейнерлерінің маңында болған,-деп хабарлайды Opennews.kz ақпараттық агенттігі Baq.kz сайтына сілтеме жасап.

 Куәгерлері нәрестені қоқыс жәшігінен шығарып алып, бірден полиция шақырған. Артынша оқиға орнына жедел жәрдем қызметі жеткен. Ақтөбе облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, сәби дер кезінде медициналық мекемеге жеткізілген. Қазіргі уақытта дәрігерлердің бақылауында.

Бала полиция қызметкерлерінің көмегімен дер кезінде медициналық мекемеге жеткізілді. Қазіргі уақытта нәресте ауруханада жатыр. Полиция баланың анасын анықтауға бағытталған жедел іс-шараларды жүргізіп жатыр, – деп хабарлады Ақтөбе облыстық ПД.

Қазір құқық қорғау органдары сәбидің анасының жеке басын және жаңа туған баланың қоқыс жәшігіне қалай түскенін анықтап жатыр.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.