Бүгін Қазақстанда телеарна мен радиолар хабар таратуды уақытша тоқтатты

334
«Қазтелерадионың» мәліметінше, телерадио хабарларын тарату желілерінде жоспарлы-профилактикалық жұмыс жүргізіледі, - деп хабарлайды  Opennews.kz ақпарат агенттігі.

Бүгін сағат 03:00 – 17:00 аралығында (Нұр-Сұлтан қаласының уақытымен) жерсеріктік, цифрлық және аналогты эфирлік желілердің техникалық құралдарындағы сервистер жабылып, жоспарлы-профилактикалық жұмыс жүргізіледі.
Сондықтан Қазақстанның барлық аумағында телерадиоарналарды ретрансляциялау уақытша тоқтатылады.


«Қазтелерадио» АҚ тоқсан сайын жерсеріктік және эфирлік желілердің техникалық құралдарында сервистерді жаба отырып, жоспарлы-профилактикалық жұмыс жүргізеді.


Бұл жұмыстар телерадио хабарларын сапалы таратуды қамтамасыз ету үшін қажет. Тоқсан сайынғы жоспарлы-профилактикалық жұмыс сервисті ұзақ уақыт өшіруге мүмкіндік береді.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.