Еуроодақ Ресейге қарсы тоғызыншы санкциялар пакетін енгізбек

135

Еуроодақ Ресейге қарсы тоғызыншы санкциялар пакетін дайындады,- деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі. 


Енді ресейлік шенеуніктер мен әскерилердің саяхаттауына тыйым салынады. Оған қоса активтері бұғатталады.

Бұл туралы Euronews ақпарат агенттігі жазды. Ұсыныстарды Еуроодағының атқарушы билігі, Еуропалық комиссия жасады.

"Біріншіден, біз санкциялар тізіміне тағы 200-ге жуық жеке және заңды тұлғалар қосуды ұсынамыз. Оның ішінде Ресей Қарулы Күштері, жекелеген офицерлер мен қорғаныс өнеркәсібі кәсіпорындары, сондай-ақ Мемлекеттік Дума депутаттары, Федерация Кеңесі, министрлер, губернаторлар және саяси партиялар бар", — деді Еуропалық комиссия төрағасы Урсула фон дер Ляйен.