Атырауда әйелімен ажырасқаннан кейін ер адам үйлерін трактормен күреп тастаған

307
Атырауда ерлі-зайыптылар ажырасқаннан кейін, күйеуі үйлерін трактормен күреп тастапты. Бұл туралы журналист Диас Нұрақын Facebook парақшасына жариялады, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Адырна ұлттық порталы.

Атырауда оншақты жыл отасқан ерлі-зайыпты ажырасыпты. Сот заңды түрде екеуін екі жаққа жіберіп, мал-мүлкін бөліске салған. Сондықтан екеуі бірге тұрған үйді сатып, ақшасын теңдей бөлуі керек еді. Бірақ бұған көнбеген бұрынғы күйеуі жынданып, трактормен үйлерін күреп тастапты. Маған да саған да жоқ деп жасаған тірлігі екен. Ұядай үйін бала-шағасынан қызғанған ғой. Енді екі баласын жетектеген жалғызбасты ана тентіреп қалған. Қираған қарашаңырағын тек қоршаудың сыртынан ғана бақылап жүр”,- деп жазылған.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.