Қызылордада 52 көше жарықтандырылады
Биыл Қызылорда қаласында көшелерді жарықтандыру үшін барлығы 1 миллион 281 мың теңге қаражат бөлінген, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Атап айтқанда, Қызылорда облысының бас шаһарындағы 52 көшеге жарық бағаналарын орнату үшін республикалық және облыстық бюджеттерден 1 миллион 262 мың теңге бөлініп, мердігер мекеме «Энерго Мера» ЖШС-мен келісім шарт жасалып, бүгінгі таңда құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілуде. Бұл туралы Қалалық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» КММ-нің басшысы Жеңісбек Файзуллаев айтты.
Бөлім басшысы бұдан бөлек, қаламыздың шет аймағындағы Бокин және Сығанақ көшелеріне жарық бағаналарын орнату үшін қалалық бюджеттен 18,9 миллион теңге бөлініп, мердігер мекеме «Айсұлтан Компания» ЖШС-і және «Энергиянұр» ЖШС-мен шарт жасалды. Құрылыс жұмыстары жақын арада басталады деп жоспарлануда.
Қала көшелерін, көпқабатты тұрғын үйлерді және аулаларын абаттандыру үшін облыстық бюджеттен 3 миллион 972 мың теңге бөлінді. Атап айтсақ, құрылысы өткен жылы бастау алған қаладағы
19 көпқабатты тұрғын үйдің ауласына күрделі жөндеу жұмыстарын аяқтау үшін облыстық бюджеттен 237,1 миллион теңге бөлініп, мердігер мекеме «ДаренСтрой» ЖШС-і құрылыс жұмыстарын жүргізуде. Жоба құны 403,5 миллион теңгені құрайды.
Сала басшысы бұдан бөлек көппәтерлі тұрғын үйлердің қасбеттері мен шатырына ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін 697,1 миллион теңге бөлінгенін атап өтті. Сонымен қатар, Қожа Ахмет Яссауи көшесін абаттандыруға облыстық бюджеттен 72,5 миллион теңге қаралып мердігер мекеме «Бест Групп Инжиниринг» ЖШС-мен келісім шарт жасалған. Биыл сонымен қатар Н.Назарбаев даңғылын абаттандыру жұмыстары қолға алынбақ. Ол үшін облыстық бюджеттен 262,9 миллион теңге бөлініп, мердігер мекеме «Дарен Строй» ЖШС-мен келісім шарт жасалған. Сондай-орталық алаңды абаттандыруға меценат Асқар Әубәкіровтың демеушілігімен 1 миллиард теңгеге және облыстық бюджеттен 1 миллиард теңге қаржы бөлініп, .«Техоснастка Ремсервис» ЖШС мердігер мекемесі құрылыс жұмыстарын жүргізуде. Замануи дизайнмен абаттандырылып жатқан орталық алаңда мамыр айында пайдалануға беріледі деп күтілуде.