Бишімбаев тергеу изоляторында камераласымен төбелесіп қалған

1 594

Фото: Telegram/Jogargy_sotЖеліде Астана қаласының тергеу изоляторында жазасын өтеушілер арасында тұрмыстық жанжал туындап, соңы төбелеске ұласқаны туралы ақпарат тарады, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Зардап шеккен тараптың адвокатының сөзінше, жанжал кезінде сотталушы Қуандық Бишімбаев камерада отырған 1986 жылы туған басқа сотталушының денесіне көптеген дене жарақаттарын салған. 


Оқиғаға қатысты тергеу жүріп жатыр. Қазіргі уақытта тергеу органдары жанжалдың барлық мән-жайы мен себептерін анықтап жатыр. Сондай-ақ тергеу изоляторында тұтқындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары қолға алынған. 


Ал Бишімбаевтың адвокаттары тергеу изоляторында болған төбелесті жоққа шығарып отыр.

Ләйлә Рамазанова мұның жалған екенін алға тартады. Қоғамдық қорғаушы Бауыржан Мусин де төбелес болды деген қауесеттерді жоққа шығарды.


"Мен жаңа ғана Қылмыстық іздестіру басқармасының бастығына қоңырау шалдым, ол мұндай жағдай болмағанын айтты", – деді Мусин.


Оған қоса, экс-министрдің колонияға қашан ауыстырылатыны айтылды. Адвокаттардың айтуынша, арыз заңды күшіне енген соң Бишімбаев Аршалыға көшірілуі мүмкін.