«Астана-Петропавл» трассасында жол апатынан жүргізуші көз жұмды
Ақмола облысының Шортанды ауданы аумағында жол-көлік оқиғасы болды, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, жол апаты 19 қыркүйек күні сағат 07:12 шамасында «Астана-Петропавл» автожолының 26 шақырымында болған.
Қазіргі уақытта жол-көлік оқиғасына байланысты Қылмыстық кодекстің 345-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары қолға алынды.
Сонымен бірге, сот-медициналық сараптама тағайындалды.
Айта кетсек, «Астана – Петропавл» тасжолында бұланның кесірінен екі жол-көлік оқиғасы болған еді.