Теңіз кенішінде жұмысшы қаза болды

391
Теңіз кенішінде болған төтенше жағдай салдарынан бір жұмысшы қаза тауып, тағы бірі жарақат алды, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.



Оқиға 8 ақпанда болған. «WEST DALA» компаниясына тиесілі «вакуум» цистернасы жарылып, 37 жастағы жұмысшы қаза тауып, 30 жастағы екінші жұмысшы жарақат алды.

Атырау облыстық полиция департаментінің мәліметінше, ҚР Қылмыстық кодексінің 156-бабының 3-бөлігі («Адам өліміне әкеп соққан еңбекті қорғау қағидаларын бұзу») бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Айта кетейік, «WEST DALA» – мұнай-газ, медицина және басқа да салалардағы өндіріс қалдықтарын жоюмен айналысатын компания.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.