Атырауда ер адам өгей қызын жеті жыл бойы зорлап келген
527
Атырауда өгей қызын жеті жыл бойы зорлап келген ұшқышқа қатысты сот үкімі шықты,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
Атырау қаласының тумасы алматылық жігітке тұрмысқа шығады. Әйелдің бірінші некеден бір баласы бар болса, осы ер адамнан тағы да бір баланы дүниеге әкеледі. Бірақ бала дүниеге келгеннен кейін, ер адамның мінез-құлқы қатты өзгеріп, әйелін ұруын жиілетеді. Тіпті бірінші некеден туған қызға айқайлайтынды шығарады. Әйел жұмыста болған кезде өгей әкесә кішкентай қызды жуынатын бөлмеге шақырып, аузына өзінің жыныс мүшесін салған. Кейін қыздың тісін жуғызып, қорқытып қойған. Тіпті қызды бірнеше рет шешіндіріп, бірге ұйықтап, зорлық көрсеткен. Қорыққан қыз бұл туралы ешкімге тіс жарып айта алмаған.
Жеті жылдан кейін әйел ажырасуға бел байлап, үйден кетіп қалады. Тек осы кезде ғана сұмдық жағдайдың беті ашылып, әйел полицияға шағымданады.
Педофилдің ісі Атырау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қаралды.
“Сотталушы кәмелетке толмаған қыздың жеке басына және жыныстық қол сұғылмаушылығына қарсы қасақана аса ауыр қылмыс жасаған. Кәмелетке толмаған өгей қызына психологиялық қысым көрсетіп, жыныстық қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін қыздың дәрменсіз күйін пайдаланған, сексуалдық сипаттағы әрекеттер жасаған,” – деп хабарлады соттың баспасөз қызметі.
Өгей әкенің кінәсі куәлардың, жәбірленушінің айғақтарымен, сараптама қорытындыларымен және бейнежазбалармен, "WhatsApp" қосымшасындағы хат-хабарлармен толық дәлелденді. Прокурор О.-ға 20 жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады. Сотталушы кінәсін мойындамады.
Сот үкімімен сотталушы өгей әке өмір бойына педагогикалық лауазымдарды және кәмелетке толмағандармен жұмыс істеуге байланысты лауазымдарды атқару құқығынан айыра отырып, 15 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
Сот үкімімен келіспеген тарап оған бұдан да қатаң жаза тағайындауды сұрап, облыстық сотқа шағым түсірмек.