Емханаға сау кетіп, ауруханада өлі табылған
283
Ақтөбеде емханаға шығып кетіп, ауруханадан өлі табылған зейнеткердің жақындары көмек сұрауда, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.
Бір апта бұрын ауруханаға кеткен әйелді көшеде қағып өлтіріп, көлік жүргізушісі қашып кеткен. Марқұмның қызының айтуынша, 73 жастағы анасын белгісіз біреу "жолда жатқан жерінен тауып алдым" деп, ауруханаға жеткізіп тастады. Үсті-басы лас, ес-түссіз күйде әкелінген әйел сол жерде мерт болды. Қаралы хабарды жақындарына дәрігерлер естіртіпті.
Бірақ ақ халаттылар анасын ауруханаға жеткізген адамның кім екенін жасырып қалған. Тіпті құқық қорғау органдарынан хабарласқан жан жоқ деп ашынады.
Анасын жер қойнына тапсырған Әсел Айжарықованың сол күннен бойына ас қонбайды. Өйткені үйден сау шығып, кенет ажал құшқан анасының қандай жағдайда көз жұмғанын білмейді.
“Анам таңғы сағат 7:30-да емханаға барамын деп үйден шықты. Соңғы рет үйдің қасындағы аркадан өтіп бара жатқаны бейнежазбаға түскен. Ол кезде сағат 7:38. Ал маған 8:20-да ауруханадан қоңырау шалды. Анамды ес-түссіз күйде бір ер адамның әкеліпті. Бірден ауруханаға бардым. Бірақ анамды әкелген ер адамды көре алмадым. Ауруханадағылар кім әкелгенін айтпай қойды”, – дейді марқұмның қызы Әсел Айжарықова.
Айжарықованың айтуынша, анасын ауыр жағдайда ауруханаға жеткізген адамға дәрігерлер күдікпен қараған. Өйткені көліктің сырты қатты соққыдан майысқанын байқалады. Осылайша қызметкерлер бірден полиция шақырған. Бірақ содан бері бір апта өтті, бұл іске қатысты хабарласқан жан жоқ дейді.
“Кінәлі адам бір мықтының танысы болып шығып, жазадан сытылып кете ме деп қорқамын. Міне, бір апта болды.Хабар жоқ. Бұл іс жабулы күйінде қалмаса екен. Оның үстіне анамның қатты соққыны көтере алмай, көз жұмғанын дәрігерлер растап отыр. Қандай көлікпен әкелгенін дәрігерден сұрағанымда, ресейлік жол талғамайтын көлік екенін айтты”, – деді марқұмның қызы.
Ал полиция департаментіндегілер марқұмды ауруханаға жеткізген адам анықталып, одан жауап алынғанын мәлімдеді. Алайда кінәлі адамды анықтау үшін жедел іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр екен.
“Аталған дерек бойынша қазір ҚР қылмыстық кодексінің 345 бабы 45-бөлігі “Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы” бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде. Бірқатар сараптамалар тағайындалды. Сонымен қатар жедел іздестіру шаралары жүргізілуде”, – Ақтөбе облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.
Алмаш апайдың жасы 73-ке келсе де, жүрісі ширақ, денсаулығы бірқалыпты болды дейді қызы. Немерелерін сабаққа, үйірмеге өзі апарып жүрген. Кенеттен анасынан айырылған Әсел әділдік болады деп үміттенеді.