Жыл басынан бері кәмелетке толмаған 97 қыз босанған

1 379

Фото: freepik.comМаңғыстау облысында биылғы 11 айда 97 жасөспірім қыз босанды. Тағы үшеуі жүктілігін тоқтатты, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі Lada.kz порталына сілтеме жасап.

Облыстық перинаталдық орталықтың мәліметінше, ешбірі сәбиден бас тартпаған. Алайда ересек әйелдер арасында жаңа туған нәрестеден бас тартудың екі дерегі тіркелді.


"Былтыр 14 пен 18 жас аралығындағы 113 кәмелетке толмаған қыз босанды. Егер кәмелетке толмаған қыз босанатын болса, онда біз оның жанында міндетті түрде анасының немесе әпкесінің қатысуын талап етеміз. Психолог та олармен тығыз жұмыс істейді. Талдау нәтижесі осындай жағдай кезінде қиындық болмайтынын көрсетіп отыр", – деп хабарлады орталық.



OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.