"Ескі Қазақстан" шенеуніктері жауапқа тартыла ма?

5 822

Астанада “Amanat” партиясы заңсыз сатып алынған активтерді қайтару тақырыбында баспасөз мәслихатын өткізді,- деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

 Фракция мүшесі Марат Башимов пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттік өкілі Қанат Сүлейменов "Ескі Қазақстан" шенеуніктерін жауапқа тарту туралы сұраққа жауап берді. Жиында  БАҚ өкілі фракция мүшесі Марат Башимов пен сыбайлас жемқорлық агенттігінің өкілі Қанат Сүлейменовке сауал жолдады. Журналист "Ескі Қазақстанның" өкілдері экс-шенеуніктер Нұрлан Нығматулин, Асқар Мамин және Бауыржан Байбек жауапқа тартылады ма?”- деп сұрады.

Ведомство өкілдері жоғарыда аталған үш адамға қатысты ешқандай шағым түспегенін мәлімдеді.  


Башимов елде "заң алдында бәрі бірдей" және кез келген қазақстандық мәртебесі мен бұрынғы жоғары лауазымдарына қарамастан, жауапкершілікке тартылатынын айтты. Нығматулин, Мамин және Байбек туралы сөз болғанда, фракция мүшесі олардың үстінен ешқандай шағым түспегенін тағы да атап өтті.


Естеріңізге сала кетейік,12 шілдеде Қасым-Жомарт Тоқаев әлеуметтік әділеттілікті қалпына келтіруге, сондай-ақ болашақта мұндай активтерді заңсыз сатып алуға ықпал еткен себептер мен жағдайларды жоюға арналған "Заңсыз алынған мүлікті қайтару туралы" заңға қол қойған болатын. Заң қабылданғалы үш ай  мерізімі өтсе де, әзірге ешқандай нәтиже жоқ. 


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.