Қарағандылық азамат анасын пышақтап өлтірді

277
Қарағандыда бұрын бұзақылықпен ұсталған азамат анасымен жанжалдасып, оны пышақтап кеткен деп хабарлайды Opennews.kz  ақпарат агенттігі     turkystan.kz сайтына сілтеме жасап.

«Сағат 07:55-те Гапеев көшесіндегі №29 үйдің пәтерлерінің бірінен әйелдің денесі табылды. Ол 70 жастағы үй иесі болып шықты. Деректер бойынша әйел бұрын ұсталған ер адамның анасы екені анықталды», – деді Қарағанды облысының полиция департаменті.

Ер адам бұрын ҚР қылмыстық кодексінің 293-бабының 2-бөлігі бұзақылық бойынша ұсталған. Ол үйдің ауласында тұрған тоғыз көліктің терезесін сындырған. Полиция кейін оны үйіне жіберген.

Криминалдық полиция қызметкерлері қала көшелерінің бірінен күдіктіні тауып, қамауға алды. Ол көршілеріне келтірілген шығынды өтеу үшін туған анасымен жанжалдасып, оны пышақтап кеткенін түсіндірді.

Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы кісі өлтіру бойынша қылмыстық іс қозғалды.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.