Тауар беру пунктінің 19 жастағы қызметкері 15 млн теңгенің тауарын ұрлап кеткен

1 500

Фото: Opennews.kz ЖИҚызметкер маркетплейс қосымшасы арқылы түрлі тауарларға, атап айтқанда, алтын бұйымдарға, киім-кешекке, азық-түлікке және басқа да тауарларға тапсырыс рәсімдеген, - деп хабарлайды  Opennews.kz  ақпарат агенттігі.

Тауарларды алған кезде оларды жасырын түрде иемденіп, орнына басқа заттарды қайтару немесе қоймаға өзге заттарды өткізу арқылы тауарларды ауыстырып отырған.

Мәселен, құны 182 мың теңге болатын алтын сырғаларға тапсырыс беріп, оларды әшекей бұйымдарға ауыстырып, сатушыға қайтарған.

Барлығы 14,9 млн теңгеден астам сомаға 195 бірлік тауарды ұрлаған. Сотта мемлекеттік айыптаушы сотталушының кінәсін толық дәлелдеді. Сот үкімімен оған 5 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Жәбірленушінің келтірілген залалды өтеу туралы азаматтық талабы қанағаттандырылды.

Сот үкімі заңды күшіне енді.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.