Мектеп оқушылары жаппай уланды: 47 бала ішек инфекциясымен ауруханағ түсті

1 500

Фото: Opennews.kz ЖИАлматыдағы Республикалық физика-математика мектебінің (РФММ) оқушылары жаппай уланып қалды. Ішек инфекциясы белгілерімен 47 бала ауруханаға жеткізілді. Мектептің, интернаттың және асхананың жұмысы уақытша тоқтатылды, - деп хабарлайды  Opennews.kz  ақпарат агенттігі.

Оқиға туралы алғаш болып зардап шеккен балалардың туыстары хабарлаған. 13 қазан күні кешке әлеуметтік желілерде оқушылардың ата-аналары мен жақындарының наразылық жазбалары жариялана бастады.

Алматы қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы төтенше жағдай туралы ақпаратты ресми түрде растады.

«12-13 қазан аралығында РФМШ мектебінің 47 оқушысы жедел ішек инфекциясының белгілерімен Балалар жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылды. Қазір олардың бәрі дәрігерлердің бақылауында. Интернатта тағы 8 бала оқшауланып, медициналық бақылауға алынды. Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің қаулысымен мектептің, интернаттың және ас блогының жұмысы уақытша тоқтатылды. Қазір мамандар тексеру жүргізіп, зертханалық зерттеулерге сынамалар алды. Жағдай тиісті қызметтердің бақылауында», – деп мәлімдеді басқарма.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.