6 жастағы қыз дене қызуының көтерілуінен қайтыс болды

1 381

Фото: istockphoto.comАқтауда 6 жастағы қыз дене қызуының көтерілуі салдарынан көз жұмды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі Otpannews.kz сайтына сілтеме жасап. 


Марқұмның ата-анасы қызының өліміне дәрігерлерді айыптап отыр. Ақтау тұрғыны Ислам Шыңғысов  жедел жәрдем қызметкерлерінің тиісті ем-шара қолданбағаны салдарынан қызынан айырылып қалғанын айтады. Ислам Шыңғысов қызының денсаулығына жеңіл қараған дәрігерлердің әрекетін айтып, Қазақстан Республикасының президентіне мәселені бақылауға алуды өтінді. 

«Түнгі сағат екіде ортаншы қызымның қызуы көтерілді. Әдеттегідей ибуфен дәрісін бердік. Осыдан кейін бала ұйықтап қалды, кешкі сағат 7 шамасында қызым оянып, су ішіп, өзін жақсы сезінген сияқты болды. Бірақ қызуы қайтадан 38-39 градусқа дейін көтерілді. Сағат ондардың шамасында температура түспегендіктен жедел жәрдем шақыруға тура келді. Оларда балаларға укол салуға тыйым салынған көрінеді. Қызыма укол салмады, дәрі бермеді. Жедел жәрдем қызметкерлері баланы жай ғана құрғатып, ыстық түсіретін дәрі беруге кеңес беріп, кетіп қалды», - дейді марқұм қыздың әкесі.

6 жастағы қыздың қызуы түспеген. Керісінше жағдайы ауырлап, түсі өзгере бастаған.

«Олар кеткеннен кейін шамамен бір сағат өткен соң, қызымның денесі басынан аяғына дейін күлгін түске, содан кейін қызыл және көк түске айнала бастады. Біз қорқып, қайтадан жедел жәрдем шақырдық, сол бригададағы екі жас жігіттен қайта келді. Қызымның жағдайын көріп, оны ауруханаға апаруды ұйғарды, оны киіндіру кезінде 16 желтоқсанда түнгі сағат 12-де оның құрысулары басталып, көз алдымызда айырылып қалдық. Жедел жәрдем қызметкерлерінде авариялық құрал-жабдықтар, ауамен қамтамасыз ету апараты жоқ, ештеңе білмейді. Олар бейне қоңырау шалып, әріптестерімен сөйлесіп, не істеу керектігін сұрады. Содан кейін көмекке екінші топты шақырды. Олар көлікпен келем дегенше мен қызымнан айырылдым», - дейді ол.

Марқұмның әкесі президентке жағдайды өз бақылауына алуын сұрады.

«Мен бұл істің жай жабылғанын қаламаймын. Біз денсаулық сақтау министрлігінің жұмысын реттеп, түзетуіміз керек. Өйткені бүгінде жедел жәрдем қызметкерлері мүлдем тәжірибесіз жас мамандар. Бұлай болмауы керек. Неге укол салмайды? Балаларымыздың өміріне қандай үнемдеу бар? Президент Қасым Жомарт Кемелұлы, осы мәселені өз бақылауыңызға алуыңызды сұраймын», - деді Ислам Шыңғысов.