Талғарлық ер кісі әйелін көзіне шөп салды деп өлтірді
370

Ер адамның сөзінше, әйелі көзіне шөп салған. Олар Талғар ауданында тұратын, кәмелетке толмаған екі баласы бар. Вахтада жұмыс істейтін ер адам үйінде айлап болмайтын. Кезекті іссапарынан кейін үйіне оралған ер адам әйелі мас екенін, балалары аш жатқанын көрген.
"Тергеу Қылмыстық кодекстің 106-бабының 3-бөлігіне сәйкес жүргізіледі. Қылмыстық істі жан-жақты және объективті тергеу үшін барлық қажет сараптама тағайындалды", - деді Талғар аудандық полициясының тергеушісі Әлішер Ерланов.
Ұсталған ер адам уақытша ұстау изоляторына қамалды.