Талғарлық ер кісі әйелін көзіне шөп салды деп өлтірді

383

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Алматы облысында ер адам 34 жастағы әйелін аяусыз өлтірді, - деп хабарлайды  Opennews.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Ер адамның сөзінше, әйелі көзіне шөп салған. Олар Талғар ауданында тұратын, кәмелетке толмаған екі баласы бар. Вахтада жұмыс істейтін ер адам үйінде айлап болмайтын. Кезекті іссапарынан кейін үйіне оралған ер адам әйелі мас екенін, балалары аш жатқанын көрген. 

Ашуланған ер адам жанжал шығарып, әйелі көзіне шөп салғанын айтып, соққыға жыққан. Әйел адам ауруханаға жеткізілген, бірақ ол есін жимастан қайтыс болған. 

"Тергеу Қылмыстық кодекстің 106-бабының 3-бөлігіне сәйкес жүргізіледі. Қылмыстық істі жан-жақты және объективті тергеу үшін барлық қажет сараптама тағайындалды", - деді Талғар аудандық полициясының тергеушісі Әлішер Ерланов.


Ұсталған ер адам уақытша ұстау изоляторына қамалды. 
OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.