Дариға Назарбаева қаңтар айының соңына дейін демалыста болады

443

Мәжіліс депутаты Дариға Назарбаева осы жылдың қаңтар айының соңына дейін жалақысы сақталмайтын демалыста болады,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап. 


Бұған дейін Дариға Назарбаеваның коронавирус инфекциясына шалдығып, үйінде жатқаны хабарланған болатын. 

Айта кетері, Дариға Назарбаева биыл 5 қаңтарда болған мәжілістің отырысына да келмеді. Кеше президент Қасым-Жомарт Тоқаев мәжіліс депутаттарына жаңа премьер-министрді таныстырып, өзінің кезекті үндеуін жолдаған болатын. Депутат Назарбаева сол отырысқа да қатысқан жоқ.

Мәжілістің жетінші шақырылымында Дариға Назарбаева Nur Otan партиясының тізімі бойынша депутаттық мандатқа ие болды. Ол экономикалық реформа және аймақтық даму комитетінің құрамына кіреді.

Бұған дейін комитет басшысы Альберт Рау Дариға Назарбаеваның еңбек тәртібін бұзбағанын және жұмысқа дәлелді себеппен келмей жүргенін айтқан.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.