Мектеп оқушылары жаппай уланды: 47 бала ішек инфекциясымен ауруханағ түсті
Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.
Алматыдағы Республикалық физика-математика мектебінің (РФММ) оқушылары жаппай уланып қалды. Ішек инфекциясы белгілерімен 47 бала ауруханаға жеткізілді. Мектептің, интернаттың және асхананың жұмысы уақытша тоқтатылды, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.
Оқиға туралы алғаш болып зардап шеккен балалардың туыстары хабарлаған. 13 қазан күні кешке әлеуметтік желілерде оқушылардың ата-аналары мен жақындарының наразылық жазбалары жариялана бастады.
Алматы қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы төтенше жағдай туралы ақпаратты ресми түрде растады.
«12-13 қазан аралығында РФМШ мектебінің 47 оқушысы жедел ішек инфекциясының белгілерімен Балалар жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылды. Қазір олардың бәрі дәрігерлердің бақылауында. Интернатта тағы 8 бала оқшауланып, медициналық бақылауға алынды. Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің қаулысымен мектептің, интернаттың және ас блогының жұмысы уақытша тоқтатылды. Қазір мамандар тексеру жүргізіп, зертханалық зерттеулерге сынамалар алды. Жағдай тиісті қызметтердің бақылауында», – деп мәлімдеді басқарма.
Қаз
Рус






