Көлік тұрағына таласқан тұрғын көршісін пышақтап өлтірді

1 501

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: sn.kzАлматыда көлік тұрағына байланысты жанжал адам өлімімен аяқталды. Мойнына пышақ жарақатын алған 37 жастағы Данил Щетников ауруханада бір аптадан кейін көз жұмды, - деп хабарлайды  Opennews.kz  ақпарат агенттігі.

Күдікті ұсталып, қамауға алынды. Оқиға 4 қазан күні кешке болған. Марқұм үйіне оралғанда, автотұрақта бөгде көлікті көріп, көршісінен оны алып тастауды сұраған. Осыдан кейін олардың арасында жанжал туындаған.

Куәгерлердің айтуынша, кейін көмекке келген ер адам Данилдің мойнына пышақ сұққан. Жараланған азамат ауруханаға жеткізілгенімен, аман қалмады.

Марқұмның артында сегіз жастағы ұлы қалды. Бір айдан кейін отбасында қыз бала дүниеге келуі тиіс болған.

Полиция күдіктіні ұстап, қамауға алды. Қылмыстық іс абайсызда адам өліміне әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру бабы бойынша тергеліп жатыр.

Марқұмның туыстары істі «Адам өлтіру» бабына қайта саралауды талап етіп отыр.


OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.