Жалғызбасты әжеге қайырымдылық жасап жүріп, шатырынан 5 миллион теңгесін тауып алған
Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.
Түркістан облысындағы Қазығұрт ауданында қарт әйелдің жылдар бойы жинаған ақшасы шатырдан табылды, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.
Полицияға жеке тұрғын үйдің шатырынан қомақты ақша табылғаны туралы хабарлама түскен. Оқиға орнына барған полиция қызметкерлері тексеру барысында 5 миллион теңгеден астам ақша салынған бірнеше пакетті тапқан.
"Жанашыр тұрғындар қарт әйелдің үйін жөндеп беруге ниет білдіріп, іске кіріскен. Жөндеу жұмыстары шатырға жеткенде, олар сол жерден бірнеше пакетке салынған қомақты қаражат тауып алған. Содан бірден полиция қызметкерлеріне хабар берген. Үй иесінің айтуынша, ол қаражатты жылдар бойы жинаған", - дейді полиция.
Еріктілер тапқан мүлікке қол ұшын тигізбей полицияға хабарладық дейді. Сөйтіп қыруар қаржыны құзырлы орган өкілдеріне табыстаған.
“30-40 миллион емес. Ол жерде бір 5-6 ақ млн-дай. Бірақ тиындар. 200-1000 теңгеліктер. 2000-10000 теңгеліктер. Біреу беріп кеткен. Апа жинайды екен ғой. Тиыннан көп нәрсе жоқ. Апам бірде біледі, бірде білмейді. Апа менікі деп тұр. Өзімнің жинаған ақшам деп айтып тұр. Қайыр тілеп сұрап алдым деп тұр. Апа мешітте, теміржол вокзалында, базарда жүрген екен. Қазығұрт ауданының өзінде жүреді екен", – дейді ерікті Құдірет Тұрғанбек.
Қажетті іс-шаралар өткізіліп, барлық жағдай анықталды. Ақша әжейге қайтарылды.
Қаз
Рус






