Ипотекасы барларға жақсы жаңалық: Мемлекеттік көмек 2027 жылға дейін ұзарды

2 513

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: Opennews.kz ЖИИпотекасын төлеуде қиналып жүрген қазақстандықтар мемлекеттік қолдауға ұзағырақ жүгіне алады. Әлеуметтік осал санаттағы қарыз алушыларға қосымша көмек көрсету мерзімі 2027 жылғы 1 қыркүйекке дейін ұзартылды, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

Сонымен қатар бағдарламаның ауқымы кеңейтілді. Енді бұрын бағдарлама талаптарына сәйкес келмеген кейбір қарыз алушыларға да жеңілдікпен қайта қаржыландыру ұсынылуы мүмкін.

Бұл мүмкіндік мынадай қарыз алушыларға қатысты:

ипотекадағы баспанасы – жалғыз тұрғын үйі;

ипотека төлемін кешіктіру мерзімі 180 күннен асқан;

негізгі қарызының қалдығы 50 млн теңгеден аспайды;

табысы несиені бұрынғы шарттармен төлеуге жеткіліксіз.

Банктердің мәліметінше, қазір мұндай көмек шамамен 1,5 мың қарыз алушыға қажет.

Бұл қарыз алушылардың қосымша санаттарына, соның ішінде мүгедектігі бар адамдарға, жасына байланысты зейнеткерлерге және мүгедектігі бар бала тәрбиелеп отырған отбасыларға жеңілдікпен қайта қаржыландыру мүмкіндігін беруге жол ашады, – деп мәлімдеді агенттік төрағасы Мәдина Әбілқасымова.

Қарапайым тілмен айтқанда, адам қиын қаржылық жағдайға тап болып, ипотекадағы баспанасы оның жалғыз тұрғын үйі болса, банк қарызды өтеудің жеңілдетілген шарттарын қарастыра алады.

Қолдау алу үшін өз банкіне жүгініп, табысы, қаржылық жағдайы және әлеуметтік мәртебесі туралы құжаттарды ұсыну қажет.

Бұл үшін бюджеттен қосымша қаражат қажет емес. Бұған дейін қайта қаржыландыруға қатысқан қарыз алушылар қайтарған қаражат басқа азаматтарға көмек көрсетуге қайта бағытталады.

Бағдарлама Қазақстанда 2015 жылдан бері жұмыс істейді. Ол ең алдымен валюта бағамының күрт өзгеруі мен қарыз жүктемесінің өсуінен қатты зардап шеккен азаматтарға қолдау көрсету үшін іске қосылған.

OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.