Аулада отырған әйелді пышақтап өлтірді: 28 жастағы күдікті ұсталды

1 525

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: inbusiness.kzАқтөбе қаласында әйел адамды пышақтап өлтірді деген күдікпен Атырау қаласының 28 жастағы тұрғыны қамалды, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

Сұмдық жағдайдың видеосы әлеуметтік желіде жарияланды. Онда ер адамның аулада отырған әйел адамға жақындап келіп, араларындағы даудан соң арқасына пышақ сұғып алған сәтін байқауға болады.

Облыстық Полиция департаменті қайғылы жағдайға байланысты қылмыстық іс қозғады.

Полицияның болжамына сүйенсек, ер адам марқұм әйелмен бұрыннан таныс болған. Араларында болған ұрыстан соң ер адам әйелге пышақ ала жүгірген. Салдарынан әйел адам ауыр жараланып, сол жерде тіл тартпай кеткен.

«Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Қылмыстың себептері анықталуда. Тергеу барысы облыстық Полиция департаменті басшылығының бақылауында», – делінген ПД хабарламасында.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес, полиция өзге ақпаратты жариялаудан бас тартты.

OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.