Тойда 188 адам жаппай уланған: мейрамхана иесінен 220 мың теңге өндірілді
Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.
Ақтөбе облысында мейрамханада тамақтан уланып, ауруханаға түскен әйел кәсіп иесін сотқа беріп, 220 мың теңге қаражат өндіріп алды, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.
Оқиға жазда Қандыағаш қаласында "Тұмар" мейрамханасында болған. Мұнда той мен садақаға барған 188 адам тамақтан уланып қалған. Олардың 177-сі ішек инфекциясының белгілерімен ауруханаға түскен.
Жәбірленушілердің бірі сотқа жүгініп, емделуге кеткен шығынын өтетіп, моральдық зиян үшін өтемақы алуға шешім қабылдаған. Себебі ол тойға барып, тамақтан уланып, ауруханаға түскен.
Мұғалжар аудандық сотының мәліметінше, мейрамхана иесі талапты ішінара ғана мойындаған. Ол дәрі-дәрмек пен емделу шығынын өтеуге келіскенімен, моральдық зиян үшін өтемақы төлеуден бас тартқан.Алайда сот басқа шешім шығарды. Мейрамхана иесінен әйелдің емделуіне кеткен 22 725 теңге және моральдық зиян үшін 200 000 теңге өндірілді.
Қаз
Рус






