Аймақ басшысы білім нысандарының құрылыс барысымен танысты

2 276

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: gov.kzОблыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Парламент Мәжілісінің депутаты Мұрат Әбенов және облыстық мәслихат төрағасы Мұрат Тілеуімбетовпен бірге Қызылорда қаласындағы білім беру мекемелерінің құрылыс барысымен танысты, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Алдымен СПМК-70 мөлтек ауданындағы 1500 орындық жаңа мектептің құрылыс алаңында болды.

Бас мердігер «Integra Construction KZ» серіктестігі құрылыс-монтаж жұмыстарын аяқтауға жақын. Ғимараттың қабырғалары толық қаланып, іші әрленуде, инженерлік жүйелері орнатылуда. Құрылысқа 11 инженер-техникалық қызметкер, 183 жұмысшы және 6 техника жұмылдырылған.

Арай мөлтек ауданындағы 1500 орындық мектептің де құрылысы қарқын алған. Бас мердігер «Абу-Сер» серіктестігі ішкі әрлеу, есік-терезе орнату, жылу жүйелерін монтаждау және аулаға инженерлік желілерді тарту жұмыстарын атқаруда. Құрылыс басында 10 инженер, 185 жұмысшы еңбек етуде, 22 техника іске қосылған. Мектеп тамыз айында пайдалануға беріледі деп жоспарлануда.

OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.