Үш жасар бала орындықтан құлап, көзіне пышақ кіріп кеткен

1 406

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: pixabay.comПетропавлда сәби өте ауыр жағдайда облыстық көпсалалы балалар ауруханасына жеткізілді, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Оқиға 19 желтоқсанда болған. Сағат 14:05-те облыстық көпсалалы балалар ауруханасына 3 жасар бала жедел жәрдеммен түсті. Сол жақ көз ұясы жараланған.

Анасының айтуынша, бала ас үйдегі орындықтан құлап, көзіне пышақ кіріп кеткен. Әйел көзінен пышақты суырып алғанда, бала есін жоғалта бастаған.

Жедел жәрдем бөлмесінде бала реаниматологқа қаралып, бірден жансақтау бөліміне жатқызылды.

“Реанимациялық шаралар дереу басталып, сәтті өтті, жүрек-өкпе қызметі қалпына келтірілді, инотропты қолдаумен гемодинамика бақыланады. Дереу барлық қажетті дәрігерлердің, соның ішінде нейрохирург пен офтальмологтың кеңесі шақырылды”, – дейді дәрігерлер.

Бала ашық бас сүйек-ми жарақаты, ми контузиясы, көзінде пышақ жарақаты бар. Қазір дәрігерлер оның өмірі үшін күресіп жатыр.


OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.