Үш жасар бала орындықтан құлап, көзіне пышақ кіріп кеткен
Оқиға 19 желтоқсанда болған. Сағат 14:05-те облыстық көпсалалы балалар ауруханасына 3 жасар бала жедел жәрдеммен түсті. Сол жақ көз ұясы жараланған.
Анасының айтуынша, бала ас үйдегі орындықтан құлап, көзіне пышақ кіріп кеткен. Әйел көзінен пышақты суырып алғанда, бала есін жоғалта бастаған.
Жедел жәрдем бөлмесінде бала реаниматологқа қаралып, бірден жансақтау бөліміне жатқызылды.
Бала ашық бас сүйек-ми жарақаты, ми контузиясы, көзінде пышақ жарақаты бар. Қазір дәрігерлер оның өмірі үшін күресіп жатыр.