“Судьялар бұл қылмыскерді қамағанда қызым тірі болар еді": Кезінде жеңіл жаза тағайындаған сот төрағасы қызметінен кетті
Қылмыскерге әділ шешім шығармаған Түркістан облысы Сарыағаш аудандық сотының төрағасы Нұрқазы Шетенов қызметінен кетті, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Сот ауылдасын балтамен ұрып, денсаулығына ауыр зиян келтірген тұрғынға 3 жылға бас бостандығын шектеу туралы үкім шығарған. Оның бұған дейін кісі өлтіріп, 10 жыл түрмеде отырғаны ескерілмеген. Алайда педофил шілде айында 5 жасар қызды аяусыз зорлап, өлтірген еді.
Ал қыздың ата-анасы қылмыскер мамыр айында бостандыққа шықпағанда қызы тірі болар еді деп есептейді.
Еске салайық, күні кеше педофил өмір бойына бас бостандығынан айырылды. Оған мәжбүрлі химиялық кастрация жасалады. Сонымен қатар сот баланың өліміне кінәлі адамды қыздың ата-анасына 100 миллион теңге көлемінде моральдық шығын өндіруге міндеттеді.
Сотталушының өзі үкіммен келіспей, жеңілірек жаза сұрады.
Марқұм Еркежан Нұрмаханның әкесі сот отырысынан кейін болған жайтқа қатысты пікір білдіріп, сот судьялары жазалауы керегін айтты.