2024 жылдан бастап қандай әлеуметтiк төлемдердiң мөлшерi көбеймек?

473

2024 жылғы 1 қаңтардан бастап еңбекке қабілеттіліктен айырылу және асыраушысынан айырылу жағдайлары бойынша төленетін әлеуметтік төлемдер өседі, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі. 


Тиісті үкімет қаулысы "Ашық НҚА" порталында жарияланды.


"2024 жылғы 1 қаңтарға дейін Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан тағайындалған еңбекке қабілеттіліктен айырылу және асыраушысынан айырылу жағдайлары бойынша төленетін әлеуметтік төлемдердің мөлшерлерін 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап алатын әлеуметтік төлемдердің мөлшерінен 7 пайызға арттыру жүргізілсін", - делінген құжатта.


Қаулы 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енеді.


Құжат 15 қыркүйекке дейін қоғам талқысына шығарылды.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.