Батыс Қазақстан облысының тұрғыны кәсіпкерлерден миллион доллар бопсалаған
Батыс Қазақстан облысында ет шаруашылығымен айналысатын кәсіпкерлерден миллион АҚШ долларын бопсалаған тұрғын ұсталды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Облыстың ІІД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері ет шаруашылығымен айналысатын жауапкершілігі шектеулі серіктестік құрылтайшыларынан миллион АҚШ долларын бопсалаған облыс тұрғынын ұстағанын мәлімдеді.
Күдіктінің Toyota Mark II көлігінің ішінде пара алып жатқан кезінде ұсталғаны айтылады.
Ақтөбелік әйелді желіде танысқан жігіт 700 мың теңгеге алдап кеткен
Түркістан облысында банк қызметкері тұрғындардың атынан несие рәсімдеген
Жауаптылар өзге ақпараттың жариялауға жатпайтынын айтады.
Айта кетейік, бұған дейін Атырауда тендер ұтып алған кәсіпкерді бопсалап, ақшасын иемденіп алғысы келген екі күдікті азамат ұсталған. Олар кәсіпкерден жалпы соммасы жеті миллион теңге бопсалаған.