“Судьялар бұл қылмыскерді қамағанда қызым тірі болар еді": Кезінде жеңіл жаза тағайындаған сот төрағасы қызметінен кетті

656

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Қылмыскерге әділ шешім шығармаған Түркістан облысы Сарыағаш аудандық сотының төрағасы Нұрқазы Шетенов қызметінен кетті, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Сот ауылдасын балтамен ұрып, денсаулығына ауыр зиян келтірген тұрғынға 3 жылға бас бостандығын шектеу туралы үкім шығарған. Оның бұған дейін кісі өлтіріп, 10 жыл түрмеде отырғаны ескерілмеген. Алайда педофил шілде айында 5 жасар қызды аяусыз зорлап, өлтірген еді. 


Ал қыздың ата-анасы қылмыскер мамыр айында бостандыққа шықпағанда қызы тірі болар еді деп есептейді.


Еске салайық, күні кеше педофил өмір бойына бас бостандығынан айырылды. Оған мәжбүрлі химиялық кастрация жасалады. Сонымен қатар сот баланың өліміне кінәлі адамды қыздың ата-анасына 100 миллион теңге көлемінде моральдық шығын өндіруге міндеттеді.


Сотталушының өзі үкіммен келіспей, жеңілірек жаза сұрады.


Марқұм Еркежан Нұрмаханның әкесі сот отырысынан кейін болған жайтқа қатысты пікір білдіріп, сот судьялары жазалауы керегін айтты.


“Кезінде Сарыағаштағы судьялар бұл қылмыскерді қамағанда қызым тірі болар еді. Бостандыққа шығарған сот, судья барлығы жазалануы керек. Судья, прокурорлар ақша алып оны бостандыққа шығарып жіберді. Солардың барлығын жазалау керек. Отырыста қылмыскер кешірім сұрады. Бірақ одан бізге пайда жоқ. Қызым о дүниелік болды. "Ішіп алып қалай істегенімді білмеймін" деді. Бірақ барлық кінә дәлелденді. Сараптама барлығын көрсетті", - деді Ержан Ержігіт.



OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.