Экстремистік бағыттағы материалдарды сақтаған деструктивті діни ағымды ұстанатын тұрғын ұсталды

230

Қызылорда облысында экстремистік бағыттағы материалдарды сақтаған деструктивті діни ағымды ұстанатын тұрғын ұсталды, – деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.


Фото: polisia.kzҚызылорда облысы ПД Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасы қызметкерлерімен жүргізілген жедел-іздестіру іс-шаралары нәтижесінде экстремистік бағыттағы материалдарды сақтаған деструктивті діни ағымын ұстанатын 30 жастағы Қазалы ауданының тұрғыны ұсталды.

Тұрғылықты мекенжайы бойынша экстремистік бағыттағы кітаптар мен жазбалар тәркіленді. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды. Оған қатысты ҚР ҚК-нің 174-бабының 1-бөлігімен (Әлеуметтiк, ұлттық, рулық, нәсiлдiк, тектік-топтық немесе дiни алауыздықты қоздыру) сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері басталды.



OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.