Қайтарымсыз грант аламын деп алаяққа жем болды
507
Бизнес-жоспар жазып, қайтарымсыз грант алып беремін деп 5 тұрғынды алдаған ер адам ұсталды, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.
Келес аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын шағым түсірді. Әйел өз арызында танысы кәсіп ашуға арналған жоспар жазып, қайтарымсыз жәрдемақы алып беремін деп сендіргенін жеткізді. Сонымен қатар аталмыш алаяқ жәбірленушіге Шымкент қаласынан жер телімін алуға көмектесемін деп те уәде берген. Танысының сөзіне сенген тұрғын, оған екі миллион теңге берген. Алайда ақшаны алған сезікті байланыцстан қашқан, хабарласқанымен түрлі сылтаулар айтып, тіпті бір жылға жуық уақыт өткізген.
Алаяқтық жолмен тұрғынның ақшасын алып, уәдесін орындамаған күдіктіні ұстау мақсатында келестік қырағы полицейлер іске кірісті. Жәбірленуші тараптан сұрастырды. Жан-жақты ақпарат жинақтады. Соның нәтижесінде күдікті ретінде Шымкент қаласының тұрғыны ұсталды. Сондай-ақ оның тағы бірнеше тұрғынды алдағаны белгілі болды.
Анықталғандай, күдікті таныстарына мемлекеттен қайтарымсыз несие алып беремін деп жалған уәде берген. Ал ақшаны өз қажеттілігіне жұмсаған. Жұмыссыз күдікті жалпы 5 тұрғынды алдап, 6 миллион теңгеден астам шығын келтірген. Қазіргі таңда ер адам қамауға алынды. Тәртіп сақшылары оның басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығын анықтауда. Тергеу ҚР ҚК-нің 190-бабы 1-бөлігі (Алаяқтық) бойынша жүргізілуде.