Қазақстанда 2000-нан астам педофил тұтқындалған

216

Фото: pixabay.comҚыз зорлығы орын алғандығы жайында ақпараттар күннен күнге артып келеді, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.


Бүгінгі жасөспірімдер мен бүлдіршіндерді зорлау дерегі күннен күнге көбеймесе азаяр емес. Алайда,  бұл қасіретпен күресуге біздің заңымыз дәрменсіз болып отыр. Нақты ақпараттарға сүйенсек, балаларды зорлағандардың 30 пайызы – отбасының бір мүшесі, яғни өгей әкесі, атасы, ағасы және де жақын тума-туыстары немесе көршілерін құраса, 16 пайызы – бөтен адамдар дейді сарапшылар.


 Қазақстанда осы уақытқа дейін 2000-нан астам педофил темір торға тоғытылған. Алайда, азғындықтың тиылуына бұл да кедергі болар емес. Қайта арам пиғылды жандар жыл санап артып барады. Қоғамдағы бұл қылмыстың күшеюіне кім кінәлі? Баласын қараусыз қалдырған ата-ана ма, әлде жазасы жеңіл сот па?

Еске салайық, арам пиғылды адамдар бұған дейін ары кетсе 10 жылға сотталатын. Бірақ, бала құқығын таптайтын заңның бұл тармағы өзгеріс енгізілген болатын. Енді бала өміріне қол сұққандар 20 жылдан өмір бойына дейін темір торға тоғытылады. Десек те, жазасын өтеушінің жақсы тәртібі үшін мерзімінен бұрын босауы да ғажап емес. Ал, бостандыққа шыққан азғынның қайта зорлық әрекетін жасауы әбден мүмкін. 
 

Қанша заң талаптары күшейтілсе де, азғындарға  тоқтау салар емес. Осыған байланысты алдыңғы жылдары  азғындық әрекетке барғандарды химиялық кострация жасау басталған болатын. Алайда, урологтар оның да қылмыстың тоқтауына себеп болмайтынын атап өткен болатын. Себебі, дамыған заманда спирттік ішімдік пен қабілетті күшейтетін дәрі ішсе кастрация күшінің жойылатындығын айтты мамандар.
Тіпті, зайырлы құқықты мемлекетіміз зорлық әрекетіне барған жандарға аранайы смарт білезіктер тағып қай жерде екендігін анықтауға мүмкіндік аламыз деп сендіруде.


Ал, педофилдің құрбаны болған балалардың нақты статистикасын келтіру мүмкін емес. Себебі жылдар бойы басынан өткерген сұмдық оқиғаны жасырып жүргендер өте көп. Оның бір дәлелі – бүкіл әлемде педофилдің құрбаны болғанын түрлі хэштегпен жазғандар жетіп артылады. Бәрі дерлік кезінде жақындарына айтуға қорқып, ойында мәңгіге қалған қорқынышты естелікпен өмір сүріп келеді. Ал адамның тағдырын тас-талқан еткендер заң алдында жазаланбай кетті. 


«Мені 8 сынып оқып жүргенімде әкемнің інісінің баласы 21 жасар ағам зорлаған болатын. Ол жағдайды біреуге тіс жарып айтуға намыстандым, қазір өкінемін. Өйткені өмірімнің тас талқанын шығарып тастады. Сол бір күн өмірімді өкінішке толы етті»,- дейді Айнұр.


Расында бүгінгі қоғам арасында орын алып жатырған жаңалықтардың бірі қыз зорлығының орын алуы болып отыр.  Лас адамның азғындық әрекетінен бір жанның ғана емес бір отбасының басына қара бұлт үйіріледі емес пе? Қыз ғұмырын тәрк етіп, талан-таржаға салған қас-қағым сәттік ләззат үшін қанша ма жанның өмірі қиылып та жатыр.
 
Сонымен қатар қазір ұялы телефоны жоқ адам кемде-кем. Қалаған уақытта ұятсыз сайттарға кіруге болады. Мұның барлығы адамның азғындауына алып келеді.