Жүргізуші кішкентай баланы рөлге отырғызған

1 557

Фото: видеодан скриншотАлматы тұрғыны кішкентай баланың рөлде отырғанын түсіріп, әлеуметтік желіге жариялады, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Видеодан ақ Hyundai маркалы автокөліктің рөлінде кішкентай баланың отырғанын көруге болады. Ол жүргізушінің алдында отырса керек. Видео авторының айтуынша, бұл Алматыда Әл-Фараби көшесінде болған жағдай. 


Желіде тараған видеоны көрген жұрт жағасын ұстады. Олар баланы рөлге отырғызған ата-ананы ата-ана құқығынан айыру керегін айтты.


“Көлік кенет тоқтаса бала рөлге соғылады. Жүргізушіні қамау керек”, “Мұндайларды ата-ана құқығынан айыру керек”, “Өзіңмен қоймай баланың, одан бөлек басқа адамдардың өміріне қауіп төндірудің қажеті не?”, “Айыппұл салу керек, жұргізуші куәлігінен айырса тіпті жақсы”, – деп жазды желідегілер.


Жол қоғалысында тәртіп бұзғандардың бұл әрекетіне қатысты Алматы полициясы түсініктеме берді.


“Алматы қалалық полиция департаменті бұл дерек бойынша жергілікті полиция қызметінің жедел іздестіру бөлімі тергеу жүргізіп жатқанын мәлімдеді. Баласына көлік жүргізуге рұқсат берген жауапсыз ата-ана міндетті түрде анықталып, жауапқа тартылады”, – делінген хабарламада.


Сондай-ақ тәртіп сақшылары жол қателікті кешірмейтінін ескертті.