Алғаш рет университетте "TikTok" факультеті ашылды

458

Киевтегі мәдениет және өнер ұлттық университетінде "TikTok факультеті" ашылды,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Громадское телевидение арнасына сілтеме жасап.

Жоба авторы университет президенті, өзі де танымал тиктокшы Михаил По"Менің мақсатым - "TikTok-қа" украиналық сипат беру, артымнан креативті, жігерлі әрі болашаққа сенетін жастардың ергенін қалаймын. Олар еліміздің болашағын жасаушылар. Украиналықтарды әлем жақсы білуі тиіс, Украина әлемді әлі талай таңғалдырады", - дейді ЖОО президенті.

Оқу мәдениет университетінің барлық студенттері үшін тегін болмақ.

Университет мамандары болашақ тиктокшылар әлеуметтік желінің жаңалықтарын жақсы біліп, ерекше контент ұсына отырып, заманға сай жүруі қажет.

Ашылу салтанатынан соң Поплавский студенттермен бірге тиктоктарын түсірген.

Украиналық БАҚ мәліметінше факультеттің министрліктен аккредитациядан өткен-өтпегендігі жөнінде ақпарат белгісіз.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.