Жүрегі тоқтаған әйел полицейлердің көмегімен аман қалды

1 509

Фото: ©CҚО ПДПетропавлда полицей жедел әрекет етіп, көшеде жүрегі тоқтап қалған әйелге алғашқы медициналық көмек көрсетті,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпараттық агенттігі kaz.inform.kz сайтына сілтеме жасап.

Полицейдің батыл әрекетін куәгерлердің бірі видеоға түсіріп, бейнежазба әлеуметтік желіде тараған. Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға 12-ші наурыз күні шамамен сағат 14:00 шамасында болған. Сол күні Петропавл қалалық полиция басқармасы патрульдік полиция батальоны взводының командирі Тимур Байғужинов автопатрульдердің жұмысын тексеріп жүрген. Интернационал көшесінде жүрген кезде оған жаяу патрульде болған инспектор Жанболат Кемел «Жанар» дүкенінің маңындағы тротуарда зейнеткер әйелдің жатқанын хабарлаған. Куәгерлердің айтуынша, әйел кенеттен өзін жайсыз сезініп, жерге құлаған.

Жақын маңда болған Тимур Байғужинов дереу оқиға орнына жеткен. Алғашында полицейлер әйелмен сөйлескен, алайда көп ұзамай ол есінен танып қалып, денесі құрыса бастаған. Кейін тынысы нашарлап, жүрегі тоқтағандай болған. Полиция капитаны бірден әрекетке көшіп, дәрігерлердің келуін күтпей әйелдің жүрегіне жанама массаж жасай бастаған. Дер кезінде көрсетілген алғашқы көмек өз нәтижесін беріп, біраздан соң әйелдің тынысы қалпына келген. Оқиға орнына жеткен жедел жәрдем бригадасы науқасты өз қарауына алып, ауруханаға жеткізген. Тимур Байғужиновтың айтуынша, әр полиция қызметкері үшін алғашқы медициналық көмек көрсету дағдыларын меңгеру маңызды. Жақында облыстық жедел медициналық жәрдем орталығында өткен арнайы курстарда патрульдік полиция қызметкерлері осы білімдерін жетілдірген. Сол дайындықтың арқасында полицейлер төтенше жағдайда тез шешім қабылдап, адам өмірін сақтап қалған.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.