Қызылордада қант бағасы тым аспандап кетті
2 055
Өңіріміздің барлық дүкендерінде қант өнімдерін жаппай сатып алу жағдайлары көптеп орын алуда. Ал, шағын дүкендерде сөрелер өткен жұмадан бері бос тұр. Осы жағдайды пайдаланғандар қант бағасын 520 теңгеге аудандарда 800 теңгеге дейін көтеріп сатқандары белгілі болды, -деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.
Еліміздегі азық-түлік бағалары бірнеше есе қымбаттап қана қоймай, әлеуметтік маңызы бар тауарлардың өзі сатылымнан алынып тасталған. Яғни, бүгінде Қызылорда қаласының дүкендердерінің көпшілігінде қант тапшылығы орын алып тұрса, енді бірінде адам басына 5 кг-нан артық қантты саудаламайтын болған. Сонымен қатар, кейбір дүкендерде қанттың бұрынғы бағасын қолмен өшіріп, жаңа бағамен, яғни 600 теңгемен саудаланып жатқанында тілге тиек етсек болады.
Сонымен қатар, қала тұрғындарының наразылығы туындап, бүйте берсе жалақымыз қанттан артылмайтындығын жеткізген жандар да кезікті.
Шынында, елімізде қант тапшылығы орын алу қауіпі жоғары болғаны ма? Осы орайда,
Естеріңізге сала кетсек, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Кемелұлы «Қасіретті қаңтар оқиғасы» - нан кейін әлеуметтік маңызы бар тауаралардың ешқайсысы 180 күнге дейін көтерілмейтінін мәлімдеп еді. Бір қызығы, 3 айға жетер жетпес уақытта бүгінгі күннің әлеуметтік тауарлардың бағалары шарқ ұрып отыр.
Осы орайда өзіміздің «Өңірлік коммуникациялар қызметінде» өткен кешегі брифингте
Аталмыш брифингке ат терлетіп келген әлеуметтік дүкендердің, яғни
Орын алған олқылыққа айналып келіп бәрін жаппай сатып алып жатырған халық кінәлі ал, астаналық әріптестеріміздің айтуынша ол жақта қант бағасы 900 теңгені құрап тұр. Ал, біздің өңірде қанты бар дүкеннің заманы болып, сатушы ойына келген бағаны 500-600 арасында саудалап жатыр. Оған дәлел төмендегі бейнеролик.
Осы орайда, біз Қызылорда қалалық бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігіне хабарласқан болатынбыз. Алайда, агенттіктің айтуы бойынша
«Майда дүкендерге жергілікті атқарушы билік жауап береді, біз арнайы ірі сауда орталықтары мен көтерме саудаға жауап береміз» деген болатын.
Ал, жергілікті атқарушың биліктің айтуынша, «қант бағасынан хабарымыз бар алайда ол антимонополия мен СПК «Байқоңырдың» құзырында» деген болатын. Расымен бағаның күрт өсуінен бәрі басын ала қашқаны қалай? Дүкендерде таласа тармаса тәтті құмар жандардың кейбірі топтасып төбелескендігін де көріп отырмыз. Жауаптылардың жауаптан жалтаруы бағаның көтерілуіне айналып келіп, қара халықтың бәрін сатып алып кетуіне кінәлі еткендей-ақ.
АЙБАР

«Күні кеше ескі базардан 1 келі құмшекерді 600 теңгеге алдым. Не масқара, кезінде 300 теңгеге алатын едік. Өз елімізде шығатын азық-түлік бағалары неге қымбат сатылуда? Осыны қадағалайтын адам бар ма өзі?», - дейді қала тұрғыны Талғат Нұрлыбеков.
Сонымен қатар, қала тұрғындарының наразылығы туындап, бүйте берсе жалақымыз қанттан артылмайтындығын жеткізген жандар да кезікті.
«Жалғыз қант емес, барлығы қымбаттап жатыр. Халықтың айлығы болса, тек 70-80 мыңнан әрі аспайды. Күні кеше ғана қанттың 25 келілік қабын 12 500 тг-ден «Асқар» көтерме сауда үйінде саудаланып жатты», - дейді қала тұрғыны Сүлейменова Жазира.
Шынында, елімізде қант тапшылығы орын алу қауіпі жоғары болғаны ма? Осы орайда,
ҚР Сауда және интеграция министрлігінің ресми өкілі Әлішер Өмірзақ:
«Бүгінгі күні елде қант тапшылығы жоқ. Сауда желілері мен тұрақтандыру қорларында бұл әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарының қоры кемі үш айға жеткілікті. Сонымен қатар қант өндірісі жалғасып жатыр, тоқтамайды! Қор толтырылып отырады. Яғни «үш айдан кейін қор таусылады, қант тапшылығы болады, деген ақпарат шындыққа жанаспайды. Елдегі қант өндірісінен бөлек, өзге елдерден импорттау мүмкіндігі бар. Сондықтан ажиотажға ерік бермеуге шақырамыз», - дейді.
«Бүгінгі күні елде қант тапшылығы жоқ. Сауда желілері мен тұрақтандыру қорларында бұл әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарының қоры кемі үш айға жеткілікті. Сонымен қатар қант өндірісі жалғасып жатыр, тоқтамайды! Қор толтырылып отырады. Яғни «үш айдан кейін қор таусылады, қант тапшылығы болады, деген ақпарат шындыққа жанаспайды. Елдегі қант өндірісінен бөлек, өзге елдерден импорттау мүмкіндігі бар. Сондықтан ажиотажға ерік бермеуге шақырамыз», - дейді.
Естеріңізге сала кетсек, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Кемелұлы «Қасіретті қаңтар оқиғасы» - нан кейін әлеуметтік маңызы бар тауаралардың ешқайсысы 180 күнге дейін көтерілмейтінін мәлімдеп еді. Бір қызығы, 3 айға жетер жетпес уақытта бүгінгі күннің әлеуметтік тауарлардың бағалары шарқ ұрып отыр.
Осы орайда өзіміздің «Өңірлік коммуникациялар қызметінде» өткен кешегі брифингте
«Әлеуметтік желілерде бірнеше күн қатарынан қант тапшылығына байланысты жалған ақпараттар таралуда. Елімізде қант өндірісі күнделікті өндірілуде және тапшылық жоқ. Облыс тұрғындарын дүрбелең тудырмауға және жалған ақпараттарға ермеуге шақырамыз», - деді облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Айнұр Тлеулеева.
Аталмыш брифингке ат терлетіп келген әлеуметтік дүкендердің, яғни
“Байқоңыр” ӘКК” АҚ басқарма төрағасының орынбасары Жеңісбек Ахметовтың айтуынша,
«Қазіргі таңда әлеуметтік дүкендер мен бұрыштарда қант бағасы 263 теңгеден сатылып жатыр. Алдағы уақытта 2 вагонмен қант жеткізіледі. Бұл жобамен 4 айға дейін қант қоры жеткілікті деп отырмыз», - деді.
Ал, өңірімізде орналасқан әлеуметтік дүкендерде қант тапшылығы жоқ деуден шаршамаған басшылардың құлағына алтын сырға ешбір әлеуметтік дүкендерде кешелі бері құмшекердің жоқ екендігі анықталып отыр. «Қазіргі таңда әлеуметтік дүкендер мен бұрыштарда қант бағасы 263 теңгеден сатылып жатыр. Алдағы уақытта 2 вагонмен қант жеткізіледі. Бұл жобамен 4 айға дейін қант қоры жеткілікті деп отырмыз», - деді.