1-3 градус үсік күтіледі- Синоптиктер

279

“Қазгидромет” Қазақстан бойынша 10-12 қыркүйегіне арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі. 


Фото: pixabay.com

Синоптиктердің мәліметінше, алдағы күндері елімізде күн суытып, басым бөлігінде жауын жауады.


Скандинавия түбегінің ауданынан жылжыған антициклон Қазақстан аумағына ауыса отырып, күздің суық ауа райын қамтамасыз етеді. 11-12 қыркүйекте республиканың басым бөлігінде жауын-шашынның ықтималдығы байқалады.


Елдің солтүстігінде, шығысында, оңтүстік-шығыстың таулы аудандарында қатты жаңбыр жауып, желдің күшеюі және бұршақ жаууы мүмкін.


10-12 қыркүйекте батыста, 10 қыркүйекте шығыста, 11-12 қыркүйекте солтүстік-батыста, 12 қыркүйекте солтүстік және орталықта түнде топырақ бетінде 1-3 градус үсік күтіледі.